Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
20__ жылғы « » __________
№ ____ бұйрығымен бекітілген
«Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - қолхат алу үшін бес жұмыс күні;
оқу жылы бойы оқудың күндізгі және кешкі нысанына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
2) портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейінгі демалыс және мерекелік күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітіліген, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 086/е нысан (бұдан әрі - № 086/е нысан), дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды
4) 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;
5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылса);
3) 086/е нысанында дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытындының электронды көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының 3х4 сантиметр өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі (егер бала 2008 жылдан кейін туылса) туралы мәліметтерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:
Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайы: Министрліктің интернет-ресурсында (www.egov.kz сайтының "Мемлекеттік қызмет" бөлімінде), республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетіледі.
«Балаларды жалпы білім беретін
оқу орындары арасында
ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
____________________________ басшысы
_______________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
_______________________/
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Өтініш
_______________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
___сыныпта оқу үшін
_______________________________________________________________ мекенжайында (елді мекен, аудан, қала және облыс атауы) тұратын менің балам / қызым ___________________________________________________
(Т.А.Ә. (болса)) _________________________________________________________байланысты
(ауыстыру себебі)
__________________________________________________________________ қабылдауды сұраймын
Ақпараттық жүйеде орналасқан заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_____________________ «____» _______ 20____ жыл
(қолы)
«Балаларды жалпы білім беретін
оқу орындары арасында
ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы
Қолхат
Орта білім беру ұйымы ___________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № ______________ қолхат
_______________________________________мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
1. Өтініш
2. Басқа ____________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Өтініштің қабылданған күні ______________________
_________________________________________________________________
Т.А.Ә. (құжаттарды қабылдаған жауапты адам)
____________ (қолы)
Телефоны ________________
_____________________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (бар болса)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
«___» _________ 20__ жыл