Текст
2024 жылдың 22 қазанында Қоржынкөл ауылының ЖББМ мектеп кітапханашысы А. Д. Смағұлова Қазақстан Республикасы күніне арналған "Менің Отаным-менің Қазақстаным" атты көрме өткізді. Мақсаты: өз Отанына деген патриотизм мен мақтаныш сезімін қалыптастыру,Тәуелсіздік алғаннан кейін Егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен танысу,сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді танымал ету.Көрмеге Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен табиғаты туралы кітаптар қойылды. Көрме оқырмандарды туған өлке туралы кітап оқуға,оның өткенін зерттеуге,бүгінін бағалауға шақырады. -