2026 жылғы 21 қазанда Қоржынкөл ауылының жалпы білім беретін мектебінде
кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Кітап оқу — білімге бастар жол» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және балалар әдебиетінің қызықты шығармаларымен таныстыру. Оқушылар назарына көркем безендірілген кітаптар, ертегілер, әңгімелер және танымдық басылымдар ұсынылды.
Іс-шара барысында оқушылар көрмеге қойылған кітаптармен қызығушылықпен танысып, өз бетімен оқуға арналған шығармаларды таңдап, алған әсерлерімен бөлісті.
Көрме танымдық әрі жылы, достық атмосферада өтіп, бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.
#МектепКітапханаларАйлыгы #МесячникШкольныхБиблиотек
#КітапОқуғаШақырамыз-2026

