Текст
2026 жылғы 24 ақпанда Қоржынкөл ауылының ЖББМ "Заң және тәртіп" идеологиясын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі ұйымның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес "Педагог және Заң" ақпараттық сағаты өткізілді Аталған іс-шара педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіруге, педагог мәртебесін және кәсіби жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Ақпараттық сағат барысында нормативтік-құқықтық құжаттарға шолу жүргізілді, қызметтік этика, еңбек тәртібі және бала құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.