" Ақмола облысы білім  басқармасының Егіндікөл  ауданы бойынша білім  бөлімі  Қоржинкөл  ауылының  жалпы  орта білім беретін  мектебі"   коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Коржинколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

  

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

30.01.2017

                                                 

Сабақ жоспары № 43

Күні:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

Білімділік: Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы туралы өткен сабақ білімдерін қайталау. Етістік туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік талдау, бағалау ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, шығармашылық біліктіліктерін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиелік: Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың заманға сай қазақ тіліне белсенділік, қызығушылық арттыру, еңбек етуге шақыру, туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: О. Ахметбекұлы  туралы суреттер, слайдтар, бағалау парақшасы, семантикалық карта, үлестірмелі кестелер, тірек сызбалар.

Сабақтың түрі: бекіту  сабағы.

Сабақтың әдісі: аудиовизуальды, интерактивті әдіс, ИКТ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Әр оқушылардың алдында өз өзін тексеретін парақ бар. Әр тапсырманың соңында өзін- өзі бағалайды.

II. «Есіңе түсір» миға шабуыл ойыны

Кестеге түсініктеме:

(Цифлы кестеде жасырынды сұрақтар, бұл сұрақтар тышқанның сілтемесімен ашылады. «Етістік»  секторындағы 1-ші сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, 2-ші сұрақ- 20 ұпаймен, 3-ші сұрақ- 30 ұпаймен, 4-ші сұрақ- 40 ұпаймен, солай қалған секторлар да «Етіс», «Етістіктің шақтары», «Етістіктің райлары») Бағалау нормалары: «5» деген баға-

70-80, «4» деген баға- 40-60, «3» деген баға- 10-20

«Етістік» секторы

1.    Болымсыз етістік қалай жасалады?

2.    Тұлғасына қарай етістіктің неше түрі бар? Олар қандай етістіктер?

3.    Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

4.    Тұйық етістік дегеніміз не?

«Етіс» секторы

1.     Қандай жұрнақ екі етіске ортақ?

2.     Көп адамның ісімен орындалатын етістікті қалай атайды?

3.     Қай етістіктің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

4.     Тек бір сөзге жалғанатын етіс жұрнағы?

«Шақ» секторы

1.    Етістіктің шақ категориясы қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

2.    Өткен шақтың түрлері.

3.    Келер шақ деген не?

4.    Нақ осы шақтың жасалу жолдары?

«Рай» секторы

1.    Қай кезде шартты рай қалау райға ауысады?

2.    Шартты рай қалай жасалады?

3.    Бұйрық райлы етістік деген не?

4.    Ашық рай деген не?

Бұл тапсырманың орындалуы қорытындысы  бағалау параққа енгізіледі.

IIІ.«Білімді де білікті» Оқушылардың назарларын  экрандағы дөңгелектерге аудару.

Мына дөңгедектерді ашқанда мәтіндерден үзінділер ұсынған. Үзіндіні оқып, кім туралы айтылғанын табу керек.

Көк түсті дөңгелектегі  мәтіннің үзіндісі:

 «... Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде ол туралы ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған...» (Қаныш Сәтбаев)

  Жасыл түсті дөңгелектегі  мәтіннің үзіндісі:

«... Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстанмен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді...»

(Әлкей Марғұлан)

  Сары түсті дөңгелектегі  мәтіннің үзіндісі:

 «...1919 жылы кыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келеді. Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау

халық комиссары, Жер халық комиссары, түркістан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры қызметтерін атқарды».

(Жәутіков Орынбек)

  Бұл тапсырма жауаптардың жиыны бойынша бағаланады 

Жазбаша жұмыс:

Мақал- мәтелдермен жұмыс. Берілген

мақал- мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді анықта. Экранға назар аударыңдар:

Ел болам ________ бесігіңді түзе.

Бесіктен қабірге дейін білім_________.

Шыбықты ___, иілетін кезде,

Баланы __________, үйренетін кезде.

Жаман дос- көлеңке, басыңды күн  шалса,

 ___________ құтыла алмайсың,

басыңды бұлт ________, іздеп_________ алмайсың.

Атадан ұл_____________ игі,

Ата жолын ___________ игі.

Өзіне келер ұятын,

Өзі біліп___________ игі.

 

Керекті сөздер:

(1- десең, 2- ізде, 3- и, 4- үйрет, 5- шалса, 6- қашып, 7- шалса, 8- туса, 9- қуса, 10- тұрса)

Бұл сөздерді тұлғасына қарай талдату. 

V. Сабақты бекіту.

 

1.    Болымсыз етістікті табыңыз.

A)   Қалам бар(ма)

B)   Бұл- шығар(ма)

C)    Сабақтан қал(ма)

D)   Қызық жарна(ма)

E)    Атым Ал(ма)

2.    Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

A)    2

B)    5

C)    3

D)    6

E)    4

3.    Етістік нені білдіреді?

A)   Заттың атын

B)   Заттың сапасын

C)    Заттың іс-әрекетін

D)   Заттың санын

E)    Заттың көлемін

4.    Етістіктің сұрағын анықтаңыз.

A)   қалай?

B)   Қайтті?

C)  Қайтіп?

D) Қайда?

E)     Қалайша?

5.     Туынды етістікті табыңыз

A)   Кел, көр

B)    Ойна, ағар

C)   Бақ, түт

D)   Кел, аудар

E)    Бар, бол

6.    Сабақты етістікті табыңыз.

A)    Тағала

B)   Еркеле

C)   Ашулан

D)   Емдел

E)    жүгір

7.    Ырықсыз етістің жұранғын табыңыз.

A)    –ыл, -іл

B)   –ыл, -ыс

C)   –ын, -іс

D)   –лан, -лен

E)    –лан, -л

8.    Есімшенің -ар, -мақ жұрнақтары қай шақтағы іс-әрекетті білдіреді?

A)    Келер шақ

B)   Өткен шақ

C)    Осы шақ

D)   Ауыспалы өткен шақ

E)    Нақ осы шақ

9.    «-ды, -ді, -ты, -ті» жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің шағын табыңыз.

A)    Нақ осы шақ

B)    Жеделөткен шақ

C)   Мақсатты келер шақ

D)   Бұрыңғы өткен шақ

E)    Ауыспалы осы шақ

10.                        Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді табыңыз.

A)    Мен оны кейінірек айтармын.

B)    Мен ауылға бармақшымын.

C)    Келемін тау ішінде түнделетіп.

D)    Сен ауылға бармаушы ма едің?

E)    Менің арманым көп.

11.                        Өткен шақтың түрлерін табыңыз.

A)    Жедел, бұрыңғы, ауыспалы

B)   Нақ, бұрыңғы

C)   Мақсатты, болжалды

D)   Ауыспалы, жедел

E)    Бұрыңғы, нақ, ауыспалы

12.                        Қалау райлы етістікті белгілеңіз.

A)    Ол шаршап отыр.

B)   Бармасам, не болады?

C)    Оның ертерек қайтқысы келген.

D)    Сіз жоғары шығып, тынығыңыз.

E)    Сізбен әдейі амандасайын деп келдім.

13.                       Бұйрық райдың 3 жағын табыңыз.

A)   Жабыңдар

B)   Келіңіздер

C)   Үйренгісі келеді

D)    Кетпесін

E)    Санатты

14.                        Талап ету мағынасын білдіретін рай қайсысы?

A)    Шартты рай

B)    Алау рай

C)    Ашық рай

D)    Ешбірі

E)    Бұйрық рай

15.                       Пысықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.

A)    Алса игі еді.

B)    Ол ерте тұрды.

C)    Біз әрең таптық.

D)    Мұрат антыға қарады.

E)    Оқу- білім бұлағы.

16.                       Адамның тілек- қалауын білдіретін сөзді табыңыз.

A)   Толқыса

B)   Оқысаңыз

C)    Алса игі еді

D)   Айтсаңшы

E)    Көрген

17.                       Тұрлаулы мүшелері етістіктен болған сөйлемді табыңыз.

A)   Білім- өнер шырағы.

B)   Өнер- өмір өрнегі.

C)   Алған адам қайтарып берер.

D)   Берген мықты ма, алған мықты ма?

E)    Армандағаным- оқу.

18.                       Қалау райдың жасалу жолын анықтаңыз.

A)   –са, -се, -шы, -ші

B)   –ңыз, -айық, -сын

C)    –ғы, -гі, -қы, -кі

D)    –у,-а, -е, -й

E)    –ған, -екен, -ар еді

19.                        «-айын, -йін» ненің қосымшасы?

A)   Қалау рай

B)    Шартты рай

C)    Ашық рай

D)    Бұйрық рай

E)     Тұйық етістік

20.                        Бұйрық райдың 1 жағының көпше түрін табыңыз.

A)    Оқы

B)    Жетсін

C)    Оқысын

D)    Оқылық

E)    Оқиын

 

Тексеру кестесі

 

күні

Оқушының аты-жөні________________________________ сынып _____________

сұрақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

жауаптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс жауаптар саны_______________________ алған бағасы__________________

 

(Кесте бойынша оқушылар өздерін- өздері тексереді, қызыл сыямен түзетеді, ұпайларын санап бағалайды)

VI. Қорытынды.  Сонымен, балалар, етістік туралы алған білімізді жинақтайық.

Қандай ғалымдар туралы сабақта айттық? Нені білдік?

VІІ. Бағалау. Бағалау парақтары арқылы оқушыларды бағалау.

VIII. Үй тапсырмасы.

 

Просмотров: 713


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст