27 ақпан күні Қоржынкөл ауылының ЖББМ-де 1-9 сынып жетекшілері Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне орай "Қазақстан – біздің ортақ үйіміз"тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларда патриотизмге тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу. 1 наурызда Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні атап өтіледі. Алғыс айту күні-бір-бірін құрметтейтін күн, дәстүр, қайырымдылық, әлеуметтік ынтымақтастық және өзара қолдау күні. Сынып сағаты аясында оқушылар осы мерекенің құрылу тарихымен танысты. Осы күннің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген достық пен құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту. Сабақ барысында балалар берілген тақырыптағы бейнероликтерді қарап, викторинаға қатысты .