Текст
9-31 қаңтар аралығында Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Днепропетровск орта мектебі" КММ "Шаңғы шақырады"фестивалі өткізілді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, шаңғы спортын дамыту, оқушыларды, оқытушылар құрамын және техникалық қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. 2020 жылдың 9 қаңтарында "Шаңғы шақырады" фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Марафонға оқушылар, мұғалімдер және мектеп қызметкерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшыларды сыйлықтармен марапаттады. Барлық қатысушылар жағымды эмоциялар алды.