Текст
2023 жылғы 5 қыркүйекте Қоржынкөл ауылының ЖББМ-де 7-10 сынып оқушылары Қазақстан халқының Тілдер онкүндігіне және Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы" атты жалпы қазақстандық ашық диктантқа қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты-адамның сауаттылығын тексеру, мемлекеттік тілдің беделін арттыру. Осыған байланысты акция қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарының көрінісі ретінде қарастырылады.