2023 жылғы 27 ақпанда Қоржынкөл ауылының ЖББМ-де 1-9 сыныптардың сынып жетекшілері "Қазақстан – біздің ортақ үйіміз"тақырыбында Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне арналған сынып сағатын өткізді. Мақсаты : - оқушыларда патриотизмге тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу. 1 наурызда Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні атап өтіледі. Алғыс айту күні-бір-бірін құрметтейтін күн, дәстүр, қайырымдылық, әлеуметтік ынтымақтастық және өзара қолдау күні. Сынып сағаты аясында оқушылар осы мерекенің құрылу тарихымен танысты. Осы күннің мақсаттарының бірі-өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында балалар берілген тақырыптағы бейнероликтерді көріп, викторинаға қатысты .