Текст
Қоржынкөл ауылының ЖББМ — де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ұлттық мереке-Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған "Атамекен" тақырыбында патриоттық диктант өткізді. Диктант 5-6 сынып оқушылары арасында өтті. Мақсаты:- патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу;- қазақ халқының мәдениеті мен мұрасына қызығушылық таныту;- қазақ және орыс тілдерін меңгеру және түсіну арқылы балалардың ішкі әлемін байыту, ортақ ой-өрісін дамыту; - сабақтарда алған білімдерінің багажын толықтыру, алған білімдерін бекіту және жандандыру.