Текст
14 қыркүйек Қоржынкөл орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тілдер күні жоспарына сәйкес тілтанушы мұғалімдер 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу конкурсын өткізді. Мақсаты: - тілге ұқыпты қарауды, өз ата-бабаларына, халқына, мәдениетіне қатыстылық сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке, төзімділікке тәрбиелеу, балалардың сөйлеуін, есте сақтауды, ойлауды, шешендік өнерді дамыту, балалардың таланттарын ашу.