Қоржынкөл ауылының ЖМ " Дені саудың - жаны сау!", оқушыларды сауықтыруға бағытталған. Білім алушылар жеке бас гигиенасы, тамақтану гигиенасы, жемістер мен көкөністердегі дәрумендердің пайдасы, дене шынықтыру және спорттың пайдасы туралы ережелерді қайталады. Балалар таңертеңгілік гимнастиканы, спорттық және ашық ойындарды, дене шынықтыру минуттарын орындау кезінде қозғалыс маңыздылығы мен дене жаттығуларының бала ағзасы үшін рөлі туралы көп білді. Мақсаты: * Өмірдің басты құндылықтарының бірі ретінде денсаулық туралы түсінік қалыптастыру; * Денеңізге қалай күтім жасауды, аурудан аулақ болуды, иммунитетті арттыруды үйрету. * Салауатты өмір салтына деген қызығушылықты, салауатты болу қажеттілігін тәрбиелеу; қуанышты көңіл-күй қалыптастыру. * Есте сақтау, зейін дамыту.