11 сәуірде Қоржынкөл ауылының ЖМ 1-11 сынып оқушылары арасында "Абайлаңыз жұқа мұз" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: - балалардың көктемгі кезеңде су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру. - балаларға жұқа мұзда көңіл көтеруге болмайтындығын, бұл өте қауіпті екенін түсіндіру. Сынып жетекшілері жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында көктемгі кезеңде балалардың су қоймаларына өз бетінше жақындауына жол бермеуге ерекше назар аударды. Әңгіме келесі сұрақтар бойынша жүргізілді: көктемгі мұз несімен қауіпті? Көктемгі кезеңде су объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау неге әкеледі ? Адамның мұзда қауіпсіз болу шарттары қандай? Мұздағы жүріс-тұрыстың негізгі ережелері қандай? Адамның мұзды суға түсуі несімен қауіпті және бұл жағдайда өзін қалай ұстау керек?Әңгіме презентация слайдтарын көрсетумен сүйемелденді . Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, мысалдар келтірді, көктемде су айдындарындағы мұзбен байланысты өмірлерінде не болғанын айтты.