21.10.2021
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ!
Күн сайын балаңызға өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ескертіңіз:
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз.
Балаңызға өрт қауіпсіздігі туралы келесідей ережелерді түсіндіріңіз:
- Сіріңкемен ойнауға болмайтындығын;
- Ересектер үйде болмаған жағдайда электр құралдарын қоспау қажеттігін;
- Пештің есігін ашуға болмайтындығын;
- Тұрмыстық химиялық заттардың, әсіресе аэрозольді бос құтыларды отқа тастауға болмайтынын;
- Бензинмен және басқа жанғыш заттармен ойнауға болмайтынын;
- Өрт кезінде жасырынып қалмау керектігін;
- Егер бөлмеде от тұтанса, еңбектеп шығып, ересектерді шақыру керектігін;
-Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін(өзінің мекенжайын, телефон нөмірін, тегін, не жанып жатқанын айту қажет екенін), отпен ойнауға болмайтынын.
Ересектер тарапынан бақылаудың болмауы өрттің тұтануы мен өрт салдарынан орын алатын балалардың өліміне жиі әкеліп соғады.
ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік Сізге жүктеледі.