" Ақмола облысы білім  басқармасының Егіндікөл  ауданы бойынша білім  бөлімі  Қоржинкөл  ауылының  жалпы  орта білім беретін  мектебі"   коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Коржинколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

  

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өрт қауіпсіздігі ережелері туралы

06.10.2021

📢ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! 💭ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ! 🔷Күн сайын балаңызға өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ескертіңіз: 🔸Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз. 📌Балаңызға өрт қауіпсіздігі туралы келесідей ережелерді түсіндіріңіз: - Сіріңкемен ойнауға болмайтындығын; - Ересектер үйде болмаған жағдайда электр құралдарын қоспау қажеттігін; - Пештің есігін ашуға болмайтындығын; - Тұрмыстық химиялық заттардың, әсіресе аэрозольді бос құтыларды отқа тастауға болмайтынын; - Бензинмен және басқа жанғыш заттармен ойнауға болмайтынын; - Өрт кезінде жасырынып қалмау керектігін; - Егер бөлмеде от тұтанса,​ еңбектеп шығып, ересектерді шақыру керектігін; -Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін(өзінің мекенжайын, телефон нөмірін, тегін, не жанып жатқанын айту қажет екенін), отпен ойнауға болмайтынын. 🔸Ересектер тарапынан бақылаудың болмауы өрттің тұтануы мен өрт салдарынан орын алатын балалардың өліміне жиі әкеліп соғады. ❗ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік Сізге жүктеледі. 

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст