26.11.2025
«Қоржынкөл ауылының ЖББМ» КММ-інде 2025 жылдың 19-қарашасында жөндеу жұмыстарынан кейін жаңартылған акт залының ашылуы болды. Бұл маңызды оқиға оқу мен тәрбие жұмыстарын өткізуге жайлы жағдай жасаудағы үлкем қадам болды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Юрий Викторович Курушин мен білім басқармасының басшысы Тұрар Батырғалиұлы Қаратаев қатысты. Тұрар Батырғалиұлы өз сөзінде мектептің инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, күрделі жөндеуден өткен акт залы оқушылардың мәдени-шығармашылық іс-шараларының орталығына, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін іс-шаралар өтетін орынға айналатынын жеткізді.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының білім алуы мен аудандық және республикалық іс-шараларға қатысуға жағдай жасау үшін жаңа «ГАЗель» автокөлігі сатып алынды. Көлік балаларды жарыстарға, олимпиадаларға, спорттық іс-шараларға және басқа да маңызды шараларға тасымалдау үшін пайдаланылады. Бұл мектеп оқушыларының түрлі іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтіп, саяхат кезінде олардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.